«Біз реалистпіз. Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден әкелінетін тауарлардың құнына әсер етуі мүмкін екенін білеміз. Бірақ, азық-түлікті өзімізде қамтамасыз етілген тауарлардың қатарына жатқызар едім. Сондықтан бағаның өзгеруін күтпеймін», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкіде өткен баспасөз мәслихатында.
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 — 517 теңгеден саудаланып жатыр.