Доллар бағамы -146,89 теңгені, еуро бағамы - 197,97 теңгені құрады
11:56, 06 Сәуір 2010
АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,89 теңгені, ал сауда көлемі 116 100 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,02 арзандап, сессия көлемі 22 600 мың долларға кеміді.
Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 197,97 теңгені, ал сессия көлемі -300 мың еуроны құрады.
Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.