Доллар бағамы 59 рубльдік межеге жуықтады, еуро құны 71 рубльге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 желтоқсанда доллар мен еуроның ресей рубліне қатысты бағамы тұрақты өсті. Бұны Мәскеу биржасындағы сауда-саттық дәлелдейді, деп хабарлады Росбалт.

Мәселен, доллар 4,81 теңгеге көтеріліп, 58,82 рубльді құрады. Еуро 5 рубльге өсіп, 71 рубль деңгейінде сатылды.

Ал Brent маркалы мұнай барреліне 58 доллардан төмен құлдырады. Қазіргі кезде ол 57,8 доллар деңгейінде сатылуда.

30 желтоқсанға Ресей Банкі белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы 4,6 долларға артып, 56,6801 рубльге дейін жетті. Еуро бағамы 5,5 рубль қосты және 69,059 рубльді құрайды. Сарапшылардың айтуынша, рубльдің төмендеуіне рубль жеткіліксіздігінің қысқаруы, сондай-ақ мұнайға әлемдік бағалардың төмен деңгейде қалуы да ықпал етуде.