Доллар бағамы 84 рубльден, еуро 91 рубльден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасында доллар мен еуро алдыңғы сауданың жабылуына қарағанда өсті. Мәскеу уақытымен сағат 11:30 доллар 84,2 рубльге дейін, еуро 91,7 рубльге дейін артты, деп хабарлады Би-би-си.

Жуырда Ресейдің Орталқ банкі бағамды долларға шаққанда 79,4 және еуроға шаққанда 87 рубль маңында белгілеген болатын.

Сарапшылар атап өткендей, бұл мұнай бағасының құлдырауымен байланысты: Лондондағы ICE биржасында Brent маркілі мұнай баррелі бейсенбіде 0,57%-ға дейін түсіп, 27,72 долларды құрады.

Бұдан бұрын азиялық биржалар көрсеткіштердің төмендеуімен жабылды: жапониялық Nikkei индексі 2%, шанхай биржасының индексі 1,2% төмендеді.