Доллар бағамы тағы да түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM, EURUSD_TOM и USDKZT_0_001 қаржы құралдарымен сауда-саттық АҚШ-та 20 ақпан мереке күні болғандықтан жүргізілген жоқ (Джордж Вашингтонның туған күні).Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы 318,40 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі -  66 900 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным бір еуроға 338,70 теңгені құрады, ұсыным - бір еуроға 339,20 теңгені құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге  5,5380 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 28 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,61 теңгені (-0,81) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 120 000 мың (+2 600 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,1680 %  құрады, сауда-саттық көлемі 2 022 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.