Сәрсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 332,3 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 332,81 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 50,5 долларды құраған.
Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 332,67 теңге, күндізгі сессияда - 332,8 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,72 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 298 млн долларды құраған.