Доллар бағамы үшінші күн қатарынан төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 369,63 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,18 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 369,22 теңге, ал ең жоғарысы 370,1 теңге болған. Сауда көлемі 35,9 млн долларды құрады.

Бейсенбі күні доллардың Т 1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 371,81 теңгені, күндізгі сессияда 370,96 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 371,28 теңгені құраған. Сауданың жалпы көлемі 153,65 млн доллар болды.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 0,35 теңгеге - 373,23 теңгеден 372,88 теңгеге, бейсенбі күні 1,07 теңгеге - 371,81 теңгеге дейін төмендеген болатын.