Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:03 кезінде америкалық валюта 52,87 рубльге саудаланды. Бұл дүйсенбі күнгі жабылған саудадан 2 рубль 93 тиынға төмен, онда биржадағы доллар 55,80 рубль тұрды.
Көп ұзамай, еуро мен доллар жоғалтқандарын қайта ұтты. Ал сағат 10:10 кезінде доллар 53,60, еуро - 66,00 рубльге саудаланды.
Орталық банкпен 23 желтоқсанға белгіленген еуроның ресми бағамы осыған дейінгі бағамен салыстырғанда 5,32 рубльге төмендеп, 69,25 рубльді құрады. Реттеушімен белгіленген доллардың ресми бағамы 23 желтоқсаннан бастап өткен жолғы саудаға қарағанда 4,29 рубльға төмендеп, 56,49 рубльді құрады.
Brent маркалы мұнайының бағасы қатарынан үшінші күн бір баррель үшін 60 доллардан түспей тұр. 10:13 кезінде Brent фьючерстерінің құны ICE Futures лондон биржасында бір баррель үшін 60,22 долларды құрады. Сауданың жабылуы кезінде осы маркалы мұнайдың баррелі 60,11 доллар тұрды.