KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462, 58 теңге. Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 20 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,3теңгеден болса, сатып алу құны – 466,3 теңге. Ресей рублі 6,55 - 6, 85 теңге аралығында саудаланып жатыр.