Доллар бағасы төртінші күн қатарынан арзандады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 9 ақпан кешімен салыстырғанда 1,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 425, 02 теңге болды. Ұлттық банктің 10 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 426, 31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 97 теңге, сатып алу – 427, 57 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,34 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 426, 66 теңге.

Соңғы жаңалықтар