Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге өсіп, 455,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 455,40 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 454,00 теңгеден сатып алынады, 461,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 524,00 теңге, сату — 534,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге.
— юань: сатып алу — 68,56 теңге, сату — 72,51 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,26 теңгеден сатып алынады, 458,30 теңгеден сатылады. Еуро 528,95 — 534,15 теңге, ал рубль 5,15 — 5,27 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,24 теңгеден сатып алынады, 70,59 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 2 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,97 теңгеге түсіп, 455,40 теңге болды.