Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 486,01 теңгеден сатып алынады, 492,96 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 565,03 теңге, сату - 574,99 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,27 теңге, сату - 6,57 теңге;

- юань 68,48 теңгеден сатып алынады, 73,62 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 487,69 теңге, сату - 490,26 теңге;

- еуро: сатып алу - 566,67 теңге, сату - 572,11 теңге;

- рубль 6,40 - 6,56 теңге аралығында саудаланады.

- юань 69,79 - 72,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 3 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге түсіп, 489,31 теңге болды.