Доллар қор нарығында тағы арзандады

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге арзандап, 541,68 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 542,8 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,30 теңгеден сатып алынады, 544,03 теңгеден сатылады.

Еуро 635,61 – 639,67 теңге, ал рубль 6,39 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,98 теңгеден сатып алынады, 78,60 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 540,78 теңгеден сатып алынады, 545,78 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 635,47 теңге, сату - 643,50 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.
- юань: сатып алу - 76,86 теңге, сату - 80,87 теңге.

Еске салайық, 24 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,11 теңгеге арзандап, 542,80 теңге болды.