Жұма күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 0,66 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318,4 теңге, ал ең жоғарысы 319,3 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 99 млн долларға жетті.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 319,48 теңге, күндізгі сессияда - 319,87 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 319,65 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 111,15 млн долларды құраған.
Еске сала кетейік, доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша бейсенбі күні 0,47 теңгеге, яғни 320,06 теңгеден 319,59 теңгеге, жұма күні - 0,11 теңгеден 319,48 теңгеге дейін төмендеді.