Доллар мен рубльдің 10 қарашадағы ресми бағамы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 10 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 465,58 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге өсіп, 7,62 теңге болды.

9 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,54 теңгеге қымбатап, 465,73 теңге болған.

Кurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468,3-472 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 468-472 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,15-7,35 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.