Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 21 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461,71 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге.

18 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,35 теңгеге төмендеп, 459,61 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453– 457 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 452 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,79 – 5,01 аралығында саудаланып жатыр.