Доллар мен рубль қанша теңгеден саудалануда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 464- 469 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 467, 5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 465– 469 теңге аралығында құбылып тұр. 23 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,78 теңгеге төмендеп, 461, 89 теңге болған.

Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 461, 97теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,81 теңге болды. Айта кетейік Қор нарығында доллар мен рубль арзандап жатыр.