Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439 – 444 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 28 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 442,84 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439 — 444 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 442,1 — 443,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 — 5,02 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге төмендеп, 442,55 теңге болған.