Ұлттық банктің 18 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474, 83 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473 - 477 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 474,1 - 476,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,29 - 5,45 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 17 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,18 теңгеге қымбаттап, 474, 87 теңге болған.