Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 443,72 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 — 446 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 442,2 — 443,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,79 — 4,90 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, 443,66 теңге болған.