Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477 - 481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: freepik

Ұлттық банктің 16 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 478,64 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,40 теңге. Еуро — 526,92.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,5 теңге. Еуро 524,5 — 529 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35 - 5,45 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік,15 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 18 теңгеге қымбаттап , 478, 64 болған.