Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 қазанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 470,30 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470– 475 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 472,5– 477 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,93 – 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 27 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,88 теңгеге төмендеп, 470,22 теңге болған.