Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 12 қазанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: ҚазАқпарат

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 476,78 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,78 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-480 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 477-480,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71-4,92 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 11 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге төмендеп, 476,78 теңге болған.