Ұлттық банктің 12 маусым ресми бағамы — 1 долларға 449,76 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 - 453 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 450,5 - 452,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 449,95 теңге болған.