Атап айтқанда, 1 доллар құны – 466,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,07 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467-471 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 468,5-471,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 8 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,23 теңгеге қымбаттап, 466,95 теңге болған.