Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450 — 455 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің 17 маусым ресми бағамы — 1 долларға 450,79 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450 — 455 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар 452,5 — 454,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 451,04 теңге болған.