Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 - 475 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 16 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 472,49 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,41 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471 - 475 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 472,7 - 474,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 - 5,37 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 15 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге төмендеп, 472,62 теңге болған.