Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447– 451 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұлттық банктің 14 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5– 451,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 448,5 – 451,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,87 – 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 13 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 447,92 теңге болған.