Ұлттық банктің 7 маусым ресми бағамы — 1 долларға 446,89 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,04 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 - 449 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 446,9 - 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 6 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,68 теңгеге төмендеп, 446,90 теңге болған.