Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
09:22, 27 Қараша 2023
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459 – 464 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Кazinform.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459– 464 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар құны 460,5 – 463,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыда Ресей рублі – 5,05 – 5,25 теңгеден, Астанада – 5,12 - 5,22 теңгеден ұсынылуда.
Ұлттық банктің 27 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 463,09 теңге, Ресей рубліне – 5,21 теңге.
Айта кетейік, 24 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,70 теңгеге қымбаттап 462,80 теңге болған еді.