Ұлттық банктің 20 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 478,74 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,35 теңге. Еуро – 528,24.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477, 51 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479,30 теңге. Еуро 524,89 – 523,64 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 530, 11 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 – 5,40 аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жеткенін хабарлаған болатынбыз.