Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 - 477 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Ұлттық банктің 26 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,58 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 - 477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 473,5 - 475 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38 - 5,55 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,67 теңгеге қымбаттап, 474, 73 теңге болған.