Ұлттық банктің 4 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 457,06 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,05– 460,05 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 457 – 462 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,9 – 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 3 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге қымбаттап, 457,02 теңге болған.