Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 452 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 19 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 448,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,85 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 449,3 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 16 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,69 теңгеге қымбаттап, 448, 88 теңге болған.