Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 454– 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454– 458 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 455,3 – 457,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,91 – 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 27 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,76 теңгеге төмендеп, 455,54 теңге болған.