Ұлттық банктің 5 маусым ресми бағамы — 1 долларға 448,01 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 - 450 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 448,5 - 450,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 448,14 теңге болған.