Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9– 461,7 теңгеден ұсынылып жатыр. Ал Астанада доллар 458 – 463 теңге аралығында құбылып тұр. Алматыда Ресей рублі 4,99 – 5,19 теңгеден, Астанада 5,08 – 5,2 теңгеден сатылуда.
Ұлттық банктің 28 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 459,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.
Айта кетейік, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп 459,05 теңгені құрады.