Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 458 - 463 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 20 маусым ресми бағамы – 1 долларға 459,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,54 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458 – 463 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 459,5 - 462,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 - 5,55 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 19 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,61 теңгеге қымбаттап, 459,76 теңге болған.

Бұған дейін қаржы сарапшы Зарина Скрипченко теңге бағамының күрт құлдырауына не себеп болғанын түсіндірген болатын.