Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,41 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 451 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 447,5 – 449,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,73 – 4,85 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,96 теңгеге қымбаттап 448,32 теңге болған.