Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 – 451 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 10 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 446.14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 446.1 - 448.1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 – 4,87 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 9 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге қымбаттап 446,20 теңге болған.

Бұған дейін сәуірде Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздейтінін жазған едік.