Ұлттық банктің 10 маусым күнгі ресми бағамы — 1 долларға 447,37 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,04 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 - 450 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 447,9 - 449,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге қымбаттап, 447,41 теңге болған.