Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қанша

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441 — 446 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Pexels

Ұлттық банктің 30 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 442,85 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 4,94 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 — 446 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 443,7 — 445,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,88 — 4,98 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 442,96 теңге болған.