Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 469,99 теңгеден сатып алынады, 476,96 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 550,01 теңге, сату — 560,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,99 теңге, сату — 6,30 теңге;
— юань 68,34 теңгеден сатып алынады, 74,29 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 472,15 теңге, сату — 474,74 теңге;
— еуро: сатып алу — 553,67 теңге, сату — 559,33 теңге;
— рубль 6,07 — 6,21 теңге аралығында саудаланады.
— юань 69,66 — 72,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 10 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,65 теңгеге арзандап, 473,13 теңге болды.