Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы — 447,85 теңге. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 0,66 теңгеге төмен. Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы — 448,44 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 444,05 теңгеден сатып, 451,05 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны 508,10 теңгеден сатып, 518,10 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 4,97 теңгеден сатып, 5,17 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда долларды орта есеппен 446,68 теңгеден сатып, 448,49 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 509,64 теңгеден сатып, 514,55 теңгеден сатып алынып жатыр. Рубльді сату бағамы — 5,02 теңге, сатып алу бағамы — 5,14 теңге.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды 447,22 теңгеден сатып, 449,32 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны 512,36 теңгеден сатып, 516,56 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 5,05 теңгеден сатып, 5,12 теңгеден сатып алуға болады.
Айта кетейік, 21 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,44 теңге болып, 1,36 теңгеге қымбаттаған еді.