Долларды қанша теңгеден айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Pexels

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 466,94 теңгеден сатып алынады, 473,90 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 542,00 теңге, сату — 552,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,50 теңге;
— юань 67,69 теңгеден сатып алынады, 73,00 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 469,90 теңге, сату — 472,35 теңге;
— еуро: сатып алу — 546,67 теңге, сату — 551,90 теңге;
— рубль 6,34 — 6,49 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,57 — 70,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге түсіп, 470,80 теңге болды.