Ұлттық банктің 27 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 478,54 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 533,76.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,1 теңге. Еуро 532 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 - 5,26 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 26 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,43 теңгеге қымбаттап, 478,57 теңге болған.