«Біздің министрлік «Отбасы банкпен» бірлесіп нарықтағы тұрғын үй бағасына талдау жасадық. Қазір баспана құнының өсуі байқалмады», - деді Қ.Қажкенов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, тұрғын үй бағасының өзгеруі алдағы уақытта нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.
Биыл қазан айында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17 қазанда қор нарығында доллар арзандады.