Доллардың 12 қыркүйектегі ресми бағамы белгіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472- 478 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 474 – 478 теңге аралығында құбылып тұр.

9 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 99 теңгеге төмендеп, 473, 24 теңге болды.

Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағасы – 1 долларға 473, 35 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасының құны – 7,35 – 7,55 теңге.