АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472- 477 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz мәліметінше, астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылуда.
Ал Алматыда доллар бағамы 473,5– 477,5 теңге аралығында құбылып тұр.
14 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0, 50 теңгеге қымбаттап, 473, 84 теңге болған.
Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 473, 91 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.