- Менде жақсы жаттықтыру жоспар мен жақсы боксшы бар. Ең бастысы Келл Головкинді жеңетініне сенеді. Брук шаршы алаңға «GGG-ді соққының астына ала аламын» деген сеніммен шығуы керек. Сол жағдайда ғана жеңуге болады. Егер жоспардың жартысы ғана дайын болып, «аздап ақша табамын» деген оймен шықса, жолы болмайды.
Геннадий мен Келл - жеңілмеген боксшылар. Өйткені олар мықты спортшылар, - деді Ингл.